«Медиация-пилоттық жаңа жоба»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық  орталықтандырылған  кітапхананың оқу залында «Медиация-пилоттық жаңа жоба»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.             
Іс-шараға  сот төрағасы Н.Андабеков, прокурор Ш.Таштамиров, Сарысу аудандық ІІБ-нің өкілі Қ.Беріков, Сарысу ауданы әкімі аппаратының өкілі Қ.Алдабергенов, Жаңатас қаласы әкімі аппаратының өкілі Ә.Қоянтай, Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің өкілі О.Бейсен, БАҚ-тың өкілі Г.Байбосынова, мәдениет үйінің қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар Р.Бахова,О.Елеукулов, А.Мусаева,Ж.Сансызбаев, Е.Байсалбаев, М.Наширбаев, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы  орыс, қырғыз,неміс қазақ этномәдени орталықтарының жетекшілері, мәдениет үйінің қызметкерлері мен Жаңатас қаласының тұрғындары қатысты.                    
Дөңгелек үстелді  Сарысу аудандық сотының төрағасы Н.Андабеков, ашып, өз баяндамасымен 2017 жылдың 26 қаңтарында Жоғарғы сот төрағасымен бекітілген  даулардың жекелеген санаттары бойынша пилоттық жобаның мақсаты мен міндетін, сондай ақ оның қолдану қағидалары жайлы түсіндіріп өтті. Жобаның міндеті татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту екендігін, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту болып табылатындығын айтты.
Жер телімдерінің аумағын анықтау, пәтерге су ағызу сынды көршілер арасында жиі туындайтын жанжалда, үйден шығару және т.б. дауларда медиацияны қолдану міндеттілігі бойынша сөз алған кәсіби емес медиатор Р.Бахова әдетте, мұндай даулар заңгер қызметіне төлейтін қаражаты  шамалы егде жастағы тұрғындар арасында туындайтынын айтты. Сотта істі соттық талқылауға дайындау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылады және осы сатыда азаматтарға медиация өткізу ұсынылады. Алайда, көп жағдайда тараптар бас тартып жатады.
Медиацияны қолдану бойынша айтылған ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, «дөңгелек үстелге» қатысушылар мемлекет пен қоғам игілігі үшін тұрғындар арасындағы адами қарым-қатынасты сақтауда даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны сапалы жүзеге асыру керек деген ойларын ортаға салды. 
Дөңгелек үстел соңында соттың төрағасы Н.Андабеков  іс-шараға қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, ауылдық округтерде   медиаторлар санын көбейтуді ұсынды.          
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі