Медиация – отбасылық даулардың бейбіт жолмен шешілуінің жолы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында талап қоюшы Ә.Б.-ның жауапкер С.И.-мен неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Істі сотта талқылауға дайындық жүргізу барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді сұраған. Келісімге сәйкес, жауапкер С.И. талап қоюшыға сыйластық танытып, түсіністікпен қарауға, отбасына көңіл аударуға міндеттенді. Ал талап қоюшы Ә.Б. өз кезегінде жауапкерге қойған талаптарынан бас тартады. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 277 бабына сай, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
Соттың ұйғарымымен азаматтық іс медиация тәртібімен реттелуіне байланысты өндірісімен қысқартылып, мемлекеттік баж 681 теңге талап қоюшыға қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
                                                       
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі