Марихуана шеккені үшін сотпен 80 сағат қоғамдық жұмыс белгіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық №2 сотында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  296-бабының 1-бөлігімен (есірткі заттарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) айыпталып сотқа берілген Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды .
01.03.2017 жылы сағат 21.00 шамасында сотталушы Б. Тараз қаласы, Асқаров көшесі №189 мекен-жайында орналасқан «Жансая» кафесінің маңындағы жол жиегінен темекі қорабынан бір түйір өсімдік тектес зат тауып алған. Түрінен және иісінен табылған зат «марихуана» есірткі заты екенін біліп, Б. есірткі затын медициналық емес мақсатта шегу арқылы заңсыз тұтынуға ой пайда болған. «Жансая» кафесінің жаздық алаңында қоғамдық жерде Б. есірткі затын шегу арқылы тұтына бастағанда, аталған жерге полиция қызметкері келіп, Б.-ның әрекеттері күдік туғызғанын және оның үстінен өткір иіс шығып тұрғанын байқаған. Б. қоғамдық жерде «марихуана» есірткі затын шегу арқылы тұтынғанын мойындаған.
Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сот үкімімен Б. ҚР ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 80 (сексен) сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі