Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының аға сот жасауылы облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосынан эфирге шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының аға сот жасауылы Б.Бекенов облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында сұхбат берді. Эфир барысында Б.Бекенов сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, көпшіліктің соттарға және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілерін шеттету үшін ескерту, алдын алу жұмыстарын белсенді түрде өткізу қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, партиялық бағдарламада бекітілген сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіптілігін, мұндағы мәселелермен күресудің барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды екенін, «Сот төрелігінің мүлтіксіз жүйесі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты элементі – құқықтың үстемдік етуімен маңызды» болатынын айтты.
Сонымен  қатар, сұхбат барысында сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар  мен сот төрелігін іске асыруды жақсартуға бағытталған жоспарлар талқыланды.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі