Қызына қатысты зорлық әрекеттер жасаған тұлғаға айыптау үкімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 120-бабының 3-бөлігінің 3,5- тармақтарымен – «көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасымен жасалған зорлау» айыпталып сотқа берілген С-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. 2016 жылдың шілде айының бірінші жартысындағы күндердің бір күнінде, өз үйіне кіргенде, 15 жастағы қызы Г-ның балалар бөлмесінде жалғыз ұйықтап жатқанын аңғарған, ал қалған отбасы мүшелері жазғы ас үйде болған.
Осы уақытта С-да өзінің көрінеу кәмелеттік жасқа толмаған қызы Г-мен жыныстық қатынас жасау қылмыстық ойы туындаған. 
Қылмыстық ойын соңына дейін жеткізу мақсатында сотталушы С. өзінің құқыққа қайшы, азғындық әрекеттерімен шектелмей, қорқып тұрған қызы Г-ның физикалық тұрғыдан әлсіздігін және дәрменсіз күйін пайдаланып, қызының қарсыласқанына қарамай, күш қолдана отырып, туған қызымен жыныстық қатынас жасаған.
Осыдан кейін С. масқара боласың, жүрек ауруымен ауыратын анасының денсаулығының салдарын ойла деген қорқытумен, ешкімге болған жағдайды айтпа деп қызына психикалық тұрғыдан қысым жасаған.
2016 жылдың қазан айында Г. жүкті болғанын білгендіктен және әкесімен болған жыныстық қатынастың салдарынан жүкті болып қалғаны туралы мұғаліміне мойындауға мәжбүр болғандықтан С-ның құқыққа қайшы әрекеттері әшкере болған.
Сот үкімімен:
С.  ҚР ҚК-нің 120-бабының 3-бөлігінің 3,5-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған ҚР ҚК-нің 120-бабының 3-бөлігінің 3,5-тармақтарымен – педагогикалық лауазымдармен және кәмелетке толмағандармен байланысты болатын лауазымдармен айналысу құқынан өмір бойына айыра отырып, 11 (он бір) жылға бас бостандығынан айыру жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу  тағайындалды.
Кәмелетке толмаған Г-ның мүддесін қорғаушы М-ның азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды және С-дан кәмелетке толмаған Г-ның пайдасына оған келтірілген моралдық залал ретінде 2 000 000 (екі миллион) теңге көлемінде өтемақы өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі