Қырғызстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегiнен шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында Қордай АІІБ-нің Қырғызстан Республикасының азаматы Г.-ны Қазақстан Республикасының шегiнен тыс шығару туралы азаматтық ісі қаралды.
Азаматтық іс құжаттарымен Қырғызстан Республикасының азаматы Г.  Қордай ауылы, Қордай ауданында  заңсыз тұрып, үш рет әкімшілік жауапкершілікке, соның ішінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін тартылған, сонымен бірнеше рет Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны анықталған.
Қордай аудандық сотының шешімімен Қырғызстан Республикасының азаматы  Г. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс шығарылды.
Өз еркімен шешімді орындау үшін 10 күн мерзім берілді.
Аталған шешімнің орындалуы уәкілетті органның бақылауына жүктелді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.      
 
 Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі