Қымбат бұйымдардың ұрлығына қатысты үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық соты, азамат Д.-қа қатысты, ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша қылмыстық істі қарады.
Іс материалдары бойынша, 07.03.2017 жылы, сотталушы Д.-ев, өзінің азаматтық некеде тұрып жатқан әйелі жәбірленуші Д.-ның, Б.Момышұлы ауылы мекен жайы бойынша оның үйінде жоқтығын пайдаланып, жәбірленушіге тиесілі қымбат бұйымдарын яғни алтын сақина, сырға, алқаларын жасырын түрде жымқырып алып кеткен. Нәтижесінде, жәбірленушіге 175000 теңге материалдық шығын келтірілген.
Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында, сотталушы кінәні мойындау туралы мәміле нысанында, прокуратурамен процестік келісім жасауға ерікті түрде ниет білдіріп, нәтижесінде, процестік келісім жасалды.
Сот мәжілісінде, сотталушы Д.-ев өзінің кінәсін толық мойындап, аталған іс әрекетіне өкінетіндігін айтты.
Сот үкімімен,  сотталушы Д.-ев, ҚР ҚК-нің 188-бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі