Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық №2 сотында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің  296-бабының 1 бөлігімен (есірткі заттарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) айыпталып сотқа берілген Р-ге қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
10.01.2017 жылы сағат 12.00 шамасында сотталушы Р. Тараз қаласы, Болатов көшесінде орналасқан №10 үйдің маңынан темекінің қағазына оралған бірнеше түйір өсімдік тектес зат тауып алған. Бұрын қолданып көргендіктен  Р. табылған зат «марихуана» есірткі заты екенін түсінген. Одан кейін Р.-да табылған есірткі затын заңсыз тұтынуға ой пайда болған. Сотталушы сол көшенің бойында тұрып, қоғамдық орынды тастамай, аталған есірткі затын шегу арқылы тұтынған. Сол кезде сотталушыға полиция қызметкерлері келіп, Р. темекі қалдығын лақтырып жібергенін көріп, оның үстінен өткір иіс шығып тұрғанын және көзінің қызарғандығын байқап, одан шегу арқылы не тұтынғанын сұраған кезде, Р.  «марихуана» есірткі затын шеккендігін мойындаған.
Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сот үкімімен Р. ҚР ҚК-нің 296 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60 (алпыс) сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі