Қылмыстық іс медиациялық келісім жасалуымен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық соты, азамат А.-ке қатысты, ҚР ҚК-нің 108 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша қылмыстық ісін қарады.
Іс бойынша  жеке  айыптаушы Б. 20 қаңтар 2017 жылы, айпталушының үйінің ауласына кіріп жәбірленуші Б.-ты  себепсізден –себесіз балағаттап ұрып-соғып, қасақана дене жарақатын салған.
Сот мәжілісінде жеке айыптаушы айыпталушы А.-ев жасаған іс әрекетіне өкініп, кешірім сұрағанын, оларға талабы жоқ екенін айтып, медиатор арқылы келісімге келулеріне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
Сот, анықталған мән-жайды зерттеп, ҚР ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлімінің 5-тармағын басшылыққа алып, айыпталушыға қатысты жеке айыптау туралы қылмыстық іс бойынша тараптардың медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізгені туралы келісім түсуіне байланысты іс жүргізуін тоқтатты.
Жуалы аудандық сотының қаулысымен, тараптардың медиациялық тәртіппен бітімгерлікке келуіне байланысты қылмыстық іс өндірісімен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі