Қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы №2 сотында ҚР ҚК-нің  188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен / ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру / айыпталып сотқа берілген А.В.-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.
Іс материалынан А.В. 19 сәуір 2017 жылы шамамен 18:00 сағатта жәбірленуші А.Д. тұратын үйге заңсыз еніп,  жалпы бағасы 65 500 теңгені құрайтын түрлі тұқымдас көгершіндерді, жалпы бағасы 2 500 теңгені құрайтын алкогольдік ішімдіктерді ұрлағаны анықталған.
Басты сот талқылауы барысында іс бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы талап-тілекті мәлімдеп, оны бекітуді сұрады.
Іс бойынша төрағалық етуші судьямен іске қатысушыларға қылмыстық істі қысқартудың құқықтық салдары түсіндірілді.
Соттың қаулысымен ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған А.В.-ға қатысты қылмыстық іс, ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қысқартылған.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.      
 
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі