Қылмыстық іс медиация арқылы шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігінің 2,4 тармақтарымен (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен, темір жол көлігінде, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсетумен қоғамдық тәртіпті бұзу) азамат М. қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Сотта анықталғаны, сотталушы М. 17.09.2016 жылы «Алматы-Шымкент» аралығында қатынайтын жолаушылар поезының вагон-мейрамханасында алкогольдік ішімдіктер ішіп, алкогольді мас күйінде вагон мейрамхана қызметкерлерінің тыныштығын бұзып, вагон-мейрамхана директоры А. балағат сөздер айтып, ұрып-соғып, даяшы Е. басынан бірнеше рет ұрып, жәбірленушілер Е.-ның және А.-ның денсаулығына жеңіл дәрежеде дене жарақатын келтірген.
Басты сот талқылауында жәбірленушілер сотталушы М.-мен  медиация тәртібімен татуласып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі қысқарту туралы өтініштер берген.
17.10.2016 жылғы сот қаулысымен ҚР-ның ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 2,4 тармақтарымен азамат М. қатысты қылмыстық іс ҚР-ның ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласқанына байланысты қысқартылған.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі