Құмар ойындарына қатысқаны үшін, әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу  ауданның тұрғындары азаматтар М және Ж құмар ойындарды ойнағаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқықбұзушылар 28.02.2017 жылы сағат 19:00 минут шамасында, Шу қаласы, Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан «Шаяхмет» жанар-жағармай толтыру бекетінің қасында, ақшаға құмар ойын (қарта) ойнағаны анықталған, яғни құмар ойындарға (ақшаға, затқа және өзге де құндылықтарға) бұл үшiн бөлiнбеген орындарда қатысқан, бұл жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтыру барысында оқиға болған жерден, ойын қартасы 10-дана, «50 теңге» тиын ақшасы 6-дана  барлығы 300 теңге айғақ зат ретінде алынған.  
Шу аудандық сотының қаулысымен құқықбұзушылардың әрқайсысын  Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы Кодексінің 444 бабы  1 бөлімімен кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде ойын құралдары, ақша тәркiлене отырып 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, барлығы 453 800  теңге айыппұл салынды.
Әкімшілік іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде тіркелген 10  дана ойын қартасын жойып, «50 теңге» тиын ақшасы 6-дана,барлығы 300 теңге ақша мемлекет пайдасына тәркіленді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі