Кредиторлық берешек өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы "Банк"АҚ жауапкер «К» ШҚ-нан қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
"Банк"АҚ өз талап арызында «К» ШҚ-ы арасында 02.11.2006 жылы кредит беру туралы келісім шарт жасалған. Кредит шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша талап қоюшы жауапкерге 43 045 000 (қырық үш миллион қырық бес мың) теңге қарыз ақшаны 15% мөлшермен, 02.11.2016 мен 05.11.2008 ж. мерзімінде төлеуге міндеттеген.
Алайда, Жауапкер қарызды төлемей, банктік қарыз шарты бойынша өзіне алған міндеттемені бұзған.
Қазіргі таңда «Банк» АҚ-ның шешімі бойынша, Жауапкердің қарызы 15 000 000 (он бес миллион) теңге құрайды.
Сот шешімімен талап-арыз толығымен қанағаттандырылды. «Банк» АҚ-нің пайдасына «К» ШҚ-нан 15 000 000 (он бес миллион) теңге қарыз, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемі бойынша сот шығындары 450 000(төрт жүз елу мың) теңге өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
                                               
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі