ҚР Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау Заңын қолдану сұрақтары бойынша семинарлық сабақ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотында, оқу орталығының бастамашылығымен, аудандық соттармен бейнеконференцбайланыс арқылы, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылық жасау Заңының нормаларын қолданудың кейбір сұрақтары» тақырыбында семинарлық сабақ өтті.
Іс-шараға қатысқандар: облыстық соттың қылмыстық сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, қылмыстық алқаның судьясы Меирхан Атибеков, қылмыстық істерді қарауға маманданған облыстың судьялары, прокуратура өкілдері, сондай-ақ қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкерлері.
Іс-шарада қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жататын тұлғаларға қатысты материалдарды дайындаумен байланысты сұрақтар талқыланды.
Семинар сабағын өткізу барысында қылмыстық сот алқасының төрағасы Н.Абидов Заңда қолданылатын, қылмыстық іс бойынша өндірісі тоқтатылатын және т.б. кездердегі, босатылуға жататын тұлғалардың тізімі, рақымшылық қолданылмайтын тұлғалардың тізімі жайында түсіндірді.
Іс-шараның соңында, семинардың қатысушылары пікірлерімен алмасып және заңнаманың нормаларын қолдану бойынша ұсыныстар жасап шығарды.
                                                                                             
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі