Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісімен автокөлік құралын басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабының 4-бөлігімен көзделген әкімшілік құқықбұзушылық бойынша істі қарады.  
Істі қарау барысында  жүргізуші М., «ВАЗ - 2106» маркалы көлік құралын Тараз қаласында Рысқұлов көшесінің бойымен Сейфуллин көшесі бағытында 019 BEA 08 көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісімен жүргізгені анықталға.
Сонымен құқықбұзушы М., өз заңсыз іс әрекетімен ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған, яғни көрінеу жалған немес қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар көлік құралын басқару.
Істі қарау қорытындысы бойынша  құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабының 4-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде көлік құралын басқару құқығынан 1 (бір) жыл мерзімге айырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.