Қордай аудандық сотында, «ҚР Азаматтық процесстік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық  сотында  судьялар мен судьялыққа кандидат және сот қызметкерлерінің қатысуымен  «ҚР Азаматтық процесстік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Судья  М.Алиманова 2017 жылдың 27 ақпанында № 49-VI  ҚР Азаматтық процестік кодексіне 46, 104, 149, 165, 166, 173 баптарындағы өзгерістерге тоқталды.  
Іске қатысатын адамдардың құқықтары мен міндеттері корпоративтік дауға қатысатын тараптар әрбір нақты құжатты көрсетпестен, бір-бірінен және куәлардан іс үшін маңызы бар құжаттарды сұратуға құқылы.      Тараптар мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттарды бір-бірінен және куәлардан сұрата алмайды.
Талап қою арызына қоса берілетін құжаттар жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қою арызының және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері.
Судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттері,  судья талап арызды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауапкерге және үшінші тұлғаларға талап арыздың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жібереді не ұсынады, сондай-ақ дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді белгіленген мерзімде ұсынуды жауапкерге міндеттейді.
Талап қою арызына пікірді жауапкер талап қоюға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ, пікірдің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, талап қою арызына пікірді сотқа ұсынады. Судья үш жұмыс күні ішінде пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да адамдарға жібереді не ұсынады.
Пікір талап қою арызының көшірмелері алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Істі сот талқылауына тағайындау  Сот талқылауы оны дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
Семинар соңында судья сұрақтарға жауап беріп, жоғарыда аталған  нормалардың қолдану тәртібін түсіндірді, ал  қатысушылар өзара пікір алмасты. 
 
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі