Қордай аудандық сотында «Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ басшысына қатысты үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында, Қордай ауданы әкімдігінің бөлім басшыларының қатысуымен «Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ басшысы Б.-ға қатысты пара алу фактісі бойыша үкім жарияланды.   
Қылмыстық іс материалдарынан: «Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ басшысы Б. лауазымды тұлға ретінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай а.,  Әл Фараби көшесі №305  мекен-жайы бойынша орналасқан жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын тиесілі бұйрықпен бекіту өзінің лауазымды міндеттеріне жататынын білген Б. жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын бекіту үшін 300 000 теңге сомасында С.-дан пара алған.
Соттың үкімімен Б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігінде (пара алу) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте және жергілікті басқару органдарында жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырумен және қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен қатар, оған параның алпыс еселенген көрсеткіші мөлшерінде, яғни 18 000 000 теңге айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Үкім жарияланған кейін БАҚ-ң өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының  баспасөз қызметі