Қордай аудандық сотында 2017 жылдың 5 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында 2017 жылдың 5 айында  атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы С.Тұрғынбаев, сот кеңсесінің кеңсе меңгерушісі К.Алимжанов және «Қордай шамшырағы», «Вестник потребителя и предпринимателя» газеттерінің тілшілері қатысты.
Сот төрағасы С.Тұрғынбаев өзінің баяндамасында тілшілерге аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың статистикасын мәлімдеді. 2017 жылдың бес айында  аудандық сотпен 121 адамға қатысты 107 қылмыстық іс қаралган, оның ішінде үкім шығару арқылы 79 адамға қатысты 74 іс қаралған, 8 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. Бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 104 қылмыстық іс қаралды.
19 қылмыстық іс прокурорға жолданған,оның ішінде 9 адамға қатысты  іздеу жариялау үшін, 6 адамға қатысты ҚР ҚПК-ң 323 бабын бұзу бойынша кемшіліктерді жою үшін және 2 адамға қатысты  ҚР ҚПК-ң 626 бабының 1 бөлігі, 1,2,3 тармақшасының тәртібіне сай жолданған, 2 адамға қатысты басқа негіздер бойынша  жолданған, 6 адамға қатысты қайта тергеуге жолданған.
Халықаралық конвенцияға  сілтеме жасап 14 қылмыстық іс, оның ішінде халықаралық пактіге сілтеме жасап 3 қылмыстық іс қаралды.
Аталған есеп мерзімінде 763 тұлғаға қатысты 763 әкімшілік  іс қаралған, 3 әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталды, бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 762 әкімшілік іс қаралды.
Сондай-ақ, 2017 жылдың 5 айында 557 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 297 шешім, 182 сот бұйрығы шығарылған, медиация заңнамасы арқылы 32 азаматтық іс, 1 іс бітімгершілік келісімімен аяқталған, партисипативтік келісімімен  1 азаматтық іс аяқталған, бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 251 азаматтық іс қаралды.
5 айдың  есеп беру аралығында Қордай аудандық сотымен бұқаралық ақпарат құралдарында 40 мақала, сайтта 33 материал жарияланды, 2 баспасөз-мәжілісі, 3 брифинг, 9 дөңгелек үстел, 25 семинарлық сабақ, 5 ашық есік күні өткізілген.
Соңында сот төрағасы сот жүйесінің деңгейін одан әрі алға ілгерілету мен сот жүйесінің беделі және халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігін атап өтті. 
Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы С.Тұрғынбаев  БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі