Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын масаң күйдегі адамның басқаруы, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) көзделген әкімшілік іс қаралды.
06.08.2017 жылы сағат 07:15 шамасында құқықбұзушы А. Павлодар облысы Лябижинск ауданы Аққу ауылы «Автодор НС» ЖШС-нің кезекшілік қалашығында болған кезде ««Shacmam Sx3251dm384» автокөлігін алкогольдік масаң күйде артқа қарай жүргізген кезінде азамат К. басқаруындағы «Maз 5334» автокөлік құралына соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған.
Нәтижесінде автокөлікке механикалық залал және материалдық зиян келтірілген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 3 бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша оған көлік құралын басқару құқығынан 5 (бес) жыл мерзімге айыру  қолданылды.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотытының баспасөз қызметі