«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және хаттаманы талапқа сай рәсімдеу ережелері» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотында  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және хаттаманы талапқа сай рәсімдеу ережелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс шараға Талас аудандық сотының судьяы М.Байтасова,  Талас аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы Р.Сарыбаев, Талас аудандық ІІБ-нің кәмелетке толмағандар істер жөніндегі аға инспекторы Е.Әбзелбеков, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор С.Әлиев  қатысты.
Дөңгелек үстелде судья М.Байтасова баяндама жасап, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қозғаудың себептері мен негiздеріне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаманың  талапқа сай рәсімделу ережелеріне  және әкімшілшік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзімдеріне тоқталып өтті.
Сондай-ақ судья статистикаға тоқталып, Талас аудандық сотына жылдың басынан 261 әкімшілік құқық бұзушылық істері түскенін, бүгінгі таңда 238 тұлғаға қатысты 238  іс қаралып аяқталғанын, оның ішінде 215 іс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 23 іс қысқартылғанын, 5 іс қаралу барысында екенін айтты.
Судья қатысушылардың бір қатар сұрақтарына жауап беріп, сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі