«Қазақстан Тараз» радиостанциясының тілшісі Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Е.Дүйсенбаевпен сұхбат жүргізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық  сотының судьясы Е.Дүйсенбаев «Қазақстан-Тараз» радиосынан эфирге шығып, «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» атты тақырыбында  сұхбат берді.
Сұхбат беру барысында судья  Е.Дүйсенбаев 2017 жылдың ақпан айынан бастап «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесінің» жобасы іске асырылып жатқандығын,  пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатындығын түсіндіріп  өтті.   
Сонымен қатар, Жамбыл облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында   пилоттық жоба іске қосылған сәттен баланың мүдделеріне орай баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы,  баланы басқа адамдардан тартып алу туралы санаттар бойынша істер қаралуда екендігі жайында айтып өтті.  
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі