«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында семинарлық сабақ өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық сотында соттың төрағасы Н.Андабековтің төрағалық етуімен кеңсе меңгерушісі Г.Несипбекованың, БАҚ-тың тілшісі С.Есқараевтың  және сот қызметкерлерінің  қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбы бойынша семинарлық сабақ өткізілді.
Соттың төрағасы Н.Андабеков өз сөзінде судья талап арызды қабылдаған күннен бастап, сот мәжілісінің  хатшысы   үш жұмыс күні ішінде жауапкерге және үшінші тұлғаларға талап арыздың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жіберетінін не ұсынатынын, сондай-ақ дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді белгіленген мерзімде ұсынуды жауапкерге міндеттейтінін айтты.
Жауапкер талап қоюға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, талап қою арызына пікірді сотқа ұсынады. Судья үш жұмыс күні ішінде пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да адамдарға жіберетінін не ұсынатынын, пікір талап қою арызының көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылатынын,  сот талқылауы оны дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс екендігін  айтты.
Семинарлық сабаққа қатысушылар  шара соңында өзара пікір алмасты.
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі