Қазақстан Республикасында ратификацияланған Халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың негіздері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық сотында «Қазақстан Республикасында ратификацияланған  «Халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың негіздері»  тақырыбында семинарлық сабақ өтті.
Іс-шараға соттың төрағасы Н.Андабеков, судья Д.Толенбеков, кеңсе меңгерушісі  Г.Несипбекова, прокурор Ш.Таштамиров, Сарысу АІІБ-нің өкілі А.Исмаил және сот кеңсесінің мамандары қатысты.
Судья Д.Толенбеков өз баяндамасында, Қазақстан Республикасының аумағында заңды күші бар халықаралық келісім-шарттарының тізімімен таныстырып, сот актілерінде аталған келісім-шарттарға сілтеме жасалатынын айтты. Оның ішінде 2016 жылдан бастап азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша статистикалық есеп нысандарында сот актілерінде халықаралық шарттарына сілтемелерді қолдану туралы есеп қарастырылғанын, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенция, Бала құқықтары туралы халықаралық конвенция, Орхусс конвенциясы және тағы басқа да Конвенциялар туралы атап өтті.
Судья семинар сабаққа қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, сот тәжірибесінен халықаралық шарттардың нормаларын қолдану бойынша мысалдар келтірді.
 
Қайнар:Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі