«Гендерлік саясат»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу ауданы бойынша «Нұр Отан» партиясымен ұйымдастырылған кезекті қоғамдық қабылдау барысында аудандық сот төрағасы міндетін атқарушы Б.Абуев «Гендерлік саясат-әлеуметтік қатынас» тақырыбында баяндама оқыды.
Б.Абуев гендерлiк саясат – бұл қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет екенін айтты. Қазақстандағы гендерлік саясаттың «Қазақстан  Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасымен» реттелетіндігін, гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылатындығын жеткізді.
Кездесу барысында қатысушылар өзекті мәселелерді және әйелдер құқықтары мен әйелдердің кемсітушілікке ұшырамауын талқылады.
                                                                      
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі