Еңбекке қатысты дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында, талап қоюшы Р.-ның жауапкерлер  «Кордай ГазИнвест» ЖШС-нен және «Керуен Тур» ЖК-нен еңбек ақысының қарызын   өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот отырысында  тараптар  дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оның  шарттары бойынша жауапкер «Керуен Тур» ЖК-і талап қоюшы Р. еңбек ақысы бойынша қарыз сомасын 173 355 тенгені екі айдың ішінде, яғни 01 тамыз 2017 жылға дейін толығымен қайтарып береді.
Талап қоюшы арызынан бас тартып, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Процестік Кодексінің 277 бабына сәйкес, егерде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келіп және ол сотпен бекітілсе, сот іс бойынша өндірісті қысқартады.         
Соттың қаулысымен азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.
1733 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі