Еңбек дауы медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық соты талап қоюшы Е. жауапкер «Әлие-Ата Халықаралық әуежай» АҚ 70931 теңге жалақы өндіру туралы дауды медиация тәртібімен шешті.  Қазақстан Республикасы Еңбек көдексінің 113 бабының 1 бөлігіне сәйкес жалақы ақшалай нысанда ҚР ұлттық валютасымен кем деген айына бір реттен, келесі айдың бірінші он күндігіне дейін кешіктірілмей төлену қажет. Алайда жауапкер «Әлие-Ата халықаралық әуежай» АҚ 2016 жылдың шілде айының жалақысын осы уақытқа дейін төлемеген.
Сотпен істі қарау барысында тараптарға дауды екі жаққа пайдалы шартармен аяқтауға болатыны түсіндірілді және тараптар медиациялық келісімге келді, оның талаптары бойынша талап қоюшы Е. қойылып отқан талаптарын бас тартып, жауапкердің шарттарымен келісетінін және істі қысқартуын сұрады. Жауапкер «Әлие-Ата Халықаралық әуежай» АҚ талап қоюшы Е. 70931 теңге шілде айының жалақысын 30.09.2016 жылға дейін төлеуге міндеттенді.
Сотта тараптардың өзара медиациялық келісімге келгеніне байланысты, іс тоқтатылды. 
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі