Архив событий

19/09/2016

Қылмыстық іс кінәні мойындау туралы процестік келісіммен қаралды

19/09/2016
Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған (бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын ұрлау) сотталушылар М мен П-ға қатысты қылмыстық іс процестік келісіммен қаралды

Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды

19/09/2016
Құқық бұзушы С., 18.08.2016 жылы жеке кәсіпкер ретінде салық басқармасына тіркеу есебіне тұрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, яғни «Toyota Previa» маркылы көлік құралымен Тараз-Құлан аралығына жеке тұлғаларды жалдамалы тасымалдаумен айналысқан

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

19/09/2016
Жамбыл облысы Талас аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 107-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (аса қатыгездiкпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) айыпталып сотқа берілген Бейсенов Бахытжан Маратұлына қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды