«Бұлтартпау шараларын қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық сотында «Бұлтартпау шараларын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға судья Д.Толенбеков, кеңсе қызметкерлері, прокуратура, БАҚ, Сарысу АІІБ-нің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында судья Д.Толенбеков жыл басынан бері бұлтартпау шаралары қолданылған материалдар бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді. 2016 жылдың 6 айында бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды қолдануға санкция беру туралы 4 өтінішхат түсіп, оның ішінде 3  қанағаттандырылған, 1өтінішхат қанағаттандырудан бас тартылған.
Былтырғы жылдың 6 айында күзетпен ұстау ретіндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы 11 талап тілек қаралып, оның ішінде 10 қанағаттандырылып, 1 қанағаттандырудан бас тартылған.
Сонымен қатар, төрағалық етуші Д.Толенбеков тергеу судьясының өкілеттігін жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелер, яғни, кепілді қолдану, күзетпен ұстау, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәнің айғақтарын сақтауға қою туралы өзекті мәселелер туралы айтып өтті.
Талқылау соңында судья Д.Толенбеков іс-шараға қатысушыларға қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларының талаптарын басшылыққа алып материалдарды дұрыс және сапалы ресімделуіне көңіл бөлуді ұсынды.
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі