Іс бойынша шешім шығару үшін жинақталған дәлелдердің жеткіліктілігін қамтамасыз ету барысында туындайтын мәселелер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Іс бойынша шешім шығару үшін жинақталған дәлелдердің жеткіліктілігін қамтамасыз ету барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға сот төрағасының м.а. А.Ш.Маликова  және судьялар К.А.Кенжебеков, Л.И.Ильясова, прокурор Б.Ақылбеков, қорғаушы И.Аманжолова  қатысты.
Семинар барысында судья А.Ш.Маликова қылмыстық іс жүргізу дәлелдеуінің мақсаты іс бойынша ақиқатты айқындау болып табылатынын атап көрсетті.
Сонымен бірге судья А.Ш.Маликова қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме - қылмыстық іс жүргізу құқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылатынына, сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталғанын, дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ екеніне тоқталып өтті.
Іс шара соңында семинарға қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі