Байзақ аудандық сотында «Сот приставы қызметі туралы» заңнамаларын үйрену бойынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында «Сот приставы қызметі туралы заңнамаларын үйрену, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бойынша семинар өткізілді. Аталған іс-шараға кеңсе меңгерушісі А.Узбекова және мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Сот приставы К.Ким өз баяндамасында сот приставтарының мiндеттерi мен құқықтарын сөз етті. Сот приставы өзiне берiлген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге, судьяларды және сот процесiне қатысатын өзге де тұлғаларды, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттердi жасаған кезде осындай iс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзетудi жүзеге асыруға, кеңесу бөлмелерiн, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерiн күзетудi қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қатар, кеңсе меңгерушісі А.Узбекова мемлекеттік қызметшілерге жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сотта қаралып жатқан істер бойынша тараптармен және бөгде адамдармен іс жүргізуге қатысы жоқ процессуалдық емес қатынастарды болдырмау туралы ескертті.
Іс-шара соңында қатысушылар осы тақырып аясында өзара пікір алмасты.
                                                                        
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі