Байзақ аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Дөңгелек үстелге кеңсе меңгерушісі А.Өзбекова, аудандық прокуратура прокуроры Ж.Койкенова, әділет басқармасының өкілі М.Орманалиева,   Байзақ аумағы бойынша Сот актілерін орындау бөлім басшысы Р.Исаков, жеке сот орындаушылар Д.Алибеков, Б.Бабакулов қатысты.
Жалпы сот актілерінің орындалуы туралы кеңсе меңгерушісі А.Өзбекова баяндады, ол өз сөзінде сот тарапынан орындауға жіберілетін құжаттарды әзірлеуде олардың процессуалдық мерзімдері, сонымен қатар оларға қойылатын азаматтық процесстік заңнаманың талаптары мүлтіксіз сақталатындығын айтып өтті.
Дегенмен, орындауға электронды түрде жолданған құжаттардың кейбірі сот орындаушыларымен қабылданбайтындығы алаңдатады.
Дөңгелек үстел қорытындысында мемлекеттік сот орындаушы мен жеке сот орындаушыға жолдаған сот актілерін орындауға прокуратура органдарына жіті бақылауға алуға және жедел орындалуға ықпал ету тапсырылды, сонымен қатар сот орындаушылардың сауалдарына кеңсе меңгерішісі түсіндірме берді.
 
Қайнар: Байзақ  аудандық сотының баспасөз қызметі