Байзақ аудандық сотында көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мәселелері талқылынған «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараға судья А.Назаркулов, кеңсе меңгеруші А.Узбекова, Байзақ аудандық прокуратурасының прокуроры Д.Сатыбалдиев, адвокаттар А.Оспанов, А.Саулебаев, Байзақ АІІБ қызметкерлері қатысты.
Судья А.Назаркулов, статистикалық мәліметтерге сай, жол –көлік құқықбұзушылықтарының жазасы ауырласа да саны ұлғаюда, онымен қоса жол полиция қызметкерлері үнемі әр түрлі жол апатын алдын алуға байланысты іс шаралар өткізіп отырса да, жол апаттары азаймай отырғанын атап өтті.
Мас күйінде көлік басқарған тұлғаларға жаза мөлшері қатаңдатылғанымен азаматтарымыздың көлікті мас күйінде басқару сот тәжірибесінде әлі күнге дейін кездесуде.  
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді, оның ішінде іс-құжаттарын сотқа жіберу мен рәсімдеу  мәселелері бойынша пікір алмасты.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі