Басқа әскери қызметкерді қорлағаны үшін әскери қызметкер жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі  аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ары қарай ҚР ӘҚБтК) 652-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.         
Іс құжаттарынан анықталғандай, 31.08.2017 жылы сағат 17:30 шамасында 11971 әскери бөліміннде  келісім- шарт бойынша қызмет атқарып жүрген  ефрейтор А.   әскери бөлімінің взвод командирі лейтенант  С.-ға  ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан.
Сот отырысында А. өз кінәсін толық мойындап, істеген іс әрекетіне өкініш білдірді.
Сот қаулысымен әскери қызметкер А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 652-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп табылып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 (он ) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.          
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.           
 
Қайнар:  Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі