«Азаматтық құқық және Медиация» тақырыбында лекция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жоғарғы оқу орындарында  білімгерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында, Талас аудандық сотының судьясы Л.Ж.Дукенбаева Қаратау технология білім және бизнес колледжінде құқықтану факультетінің білімгерлеріне дәріс оқыды.
Іс шараға Талас аудандық сотының бас маманы А.Тұтқышбаева, колледждің оқу және тәрбие жөніндегі орынбасары Б.А.Жилбаева, құқықтану мамандығының оқытушысы А.А.Жузжасаров, тарих пәнінің оқытушысы А.А.Джумабаева және заң факультетінің білімгерлері қатысты.
Судья Л.Ж.Дукенбаева өз баяндамасында  Азаматтық құқық. Азаматтық іс жүргізу бойынша жалпы түсінік берді. Болашақ заңгерлерге істі қарау барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы, сотта азаматтық істерді қарау тәртібі туралы айтты. Сонымен қатар, 2011 жылғы 5 тамыздан бастап қолданысқа енгізілеген Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңының маңыздылығын, тиімділігін,  қарапайым халыққа қолжетімділігін түсіндірді. Медиация заңының мақсатын, қандай істерге қолданылатынын  білімгерлерге түсіндірді.  
Іс-шараның соңында судья білімгерлердің қойған барлық сұрақтарына жауап берді.
                                                                                      
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі