Аудандық сотта пилоттық жобаның сәтті жүзеге асуының сұрақтарын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі  аудандық сотының төрағасы А.Дауренбеков  Сарымолдаев ауылдық округінің  тұрғыны кәсіби емес медиатор  Н.Молдабековты қабылдады.
Медиатор әңгіме барысында оған некелік қатынастары қиындап, отбасылық кикілжіңнің салдарынан жабырқау күйге түскен екі отбасылық жұп  жүгінгенін айтты.  Меркі  аудандық сотында олардың арасындағы некені бұзу туралы азаматтық іс қаралуда. Осыған байланысты сот даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба аясында оларға медиаторға жүгінуді ұсынған.
Ерлі-зайыптылармен біраз әңгімелесудің арқасында тараптар некені сақтап қалу туралы келісімге келді. Сондай-ақ, ол некені бұзу туралы  істер бойынша келісімдік рәсімдердің жағымды жағы бар екенін, тіпті некені сақтай алмаған жағдайдың өзінде  ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас қалыпты жағдайда қалатындығын тілге тиек етті. Оның үстіне бұзылған некенің артында мүліктерді бөлу, баланың тәрбиесі мен алимент төлеу мәселелері бар, сондықтан оның сөзіне қарап осы санаттағы істер мен осыған байланысты істерді пилоттық жобамен толық қамту жұмыстары көзделіп отыр. Тұрғындарға өздерінің құқықтары мен мүдделерін бітімгершілік  рәсімдері арқылы қорғау мүмкіндіктері, ҚР «Медиация туралы» Заңының артықшылықтары туралы әрдайым насихат жұмыстары жүргізілуі тиіс. 
Медиатор аталған жобаны іске асыру бойынша жұмыс жасап, барынша қолдау көрсететінін айтты.
Сот төрағасы өз кезегінде пилоттық жобаның іске асуына ынтымақтастық білдірген медиаторға алғысын білдіріп, әңгімелесу барысында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Ереженің басты талаптарын атап өтіп, бұл жоба бойынша міндетті түрде медиацияны қолдану тек неке бұзу туралы даулар емес, бұдан басқа мұрагерлік, шарттық міндеттемелер туралы, кейбір еңбек қатынасындағы даулар бойынша  да қамтылғанын түсіндіріп өтті.
 
Қайнар:  Меркі  аудандық сотының баспасөз қызметі