Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының даулардың жекелеген санаттары  бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында  соттың төрағасы Н.Андабековтің, прокурор Қ.Қойшыбаевтың, кәсіпқой емес медиатор А.Мусаеваның, қорғаушы Н.Усербаевтың, сот кеңсесінің маманы С.Асқарбекованың және Жаңатас қаласының тұрғындары  Р.Зейналиевтің, Ш.Кошаеваның, Г.Темирбулатованың  қатысуларымен ашық есік күні өткізілді.
Соттың төрағасы Н.Андабеков өз баяндамасымен Жоғарғы соттың пилоттық жобасының негізгі  мақсаты даулардың жекелеген санаттары  бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді  азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатынын, ал оның  міндеттері татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін  анықтау болып табылатынын айтты.
Кәсіпқой емес медиатор А.Мусаева даулардың (жанжалдардың) санаттары мен пилоттық жобаны жүргізудің қағидаттарына тереңірек тоқталып, ҚР «Медиация туралы» Заңының талаптарын түсіндіріп, тараптардың әкімшілік, азаматтық ,қылмыстық істерді қарау барысында медиаторлардың зор үлесі бар екенін және халық арасында сотқа бармай келісімге келуге деген ынта бар екенін атап өтті.
«Ашық есік күні» шарасы соңында қатысушылар Жоғарғы соттың пилоттық жобасының тиімділігін қолдап,оның жүзеге асуына өздері де ықпал ететіндерін жеткізді.
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі