Аңшылық қаруды заңсыз иеленіп сақтағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу ауданының тұрғыны Д. ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабы 1 бөлімімен  /Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы қаруды заңсыз иеленіп, сақтаған / әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  
Құқықбұзушы Д. 04.09.2016 жылы, Шу ауданы, Еңбек ауылында ұсталынып, тексеру барысында ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылды 16 калибірлі 1-ауызды ствол аңшылық қаруды заңсыз иеленіп сақтаған.
Сотта құқық бұзушының кінәсі іске тіркелген іс-құжаттарымен толық дәлелденді.
Шу аудандық сотының қаулысымен құқықбұзушы Д. ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 20  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, барлығы 42 420 теңге айыппұл салынды.
Іс бойынша заттай дәлелдеме, тегiс ұңғылды 16 калибірлі «ИЖ-К» 1-ауызды ствол №ВК48385, цевье №«П28422», колодка № «В57435» аңшылық қаруы тәркіленді.
 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
 Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі