Алимент дауы медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм аудандық сотында талап қоюшы К.-нің жауапкер А.-ға алимент өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы К. №10 Шу колледжінде оқуына байланысты жиырма бір жасқа толғанша 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкесі А.-дан алимент өндіруді сұраған.
Сот мәжілісінде талап қоюшы К жауапкер А.-мен дауды медиация тәртiбiмен реттеу туралы келiсiмге келіп, оның шарттары бойынша жауапкер А. талап қоюшы К.-нің пайдасына 01.08.2016 жылдан бастап 2017 жылдың 30 маусымына дейін ай-сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы дауды реттеу туралы келiсiмге келулеріне байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. 
Дауды реттеу туралы келісімі бекітіліп, сот  ұйғарымымен азаматтық іс өндірістен қысқартылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі