272 280 теңге көлемінде айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ары қарай ҚР ӘҚБтК) 610-бабының 3-бөлігімен, 611-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.         
27.02.2017 жылы сағат 17:20 шамасында, жүргізуші А. көлік жүргізуге құқығы жоқ тұлға бола тұра  «Toyota Aristo» маркалы көлік құралын басқарып, Тараз қаласы Қарахан баба көшесімен Төле би көшесі бағытында келе жатып, жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, қарама-қарсы бағытта жол жетегінде тұрған жүргізуші Б-ның иелігіндегі «BMW 520» көлігін соққан, нәтижесінде автокөліктердің бүлінуіне әкеп соққан материалдық залал келтіріліп, одан соң  өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған.
Өзінің іс-әрекетімен, құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігінде және 611-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған, яғни ол көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан жол-көлiк оқиғасын жасап, өзi қатысушы болып табылған жерден кетiп қалған.
Істі қарау қорытындысы бойынша жүргізуші А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 20 айлық есептік көрсеткіш, 45380 (қырық бес мың үш жүз сексен) теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 226900 (екі жүз жиырма алты мың тоғыз жүз) теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Түпкілікті құқық бұзушы А-ға 120 айлық есептік көрсеткіш, яғни 272 280 (екі жүз жетпіс екі мың екі жүз сексен) теңге көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі