Мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463 бабы 1 бөлігі (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған У-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.
Іс құжаттарынан анықталғандай, 2017 жылдың маусым айының 07 жұлдызында сағат 17.00 шамасында  Сортобе ауылы Ленин көшесінде «Ханафи» мешітінде имам У., мешіт аумағында медресе ұйымдастырып, мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
Қордай  аудандық сотының қаулысымен, құқық бұзушы У.-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463- бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танып, оған он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни 34 035 теңге әкімшілік айыппұл салынды. 
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Қордай аудандық  сотының баспасөз қызметі