Жуалы аудандық сотында сенбілік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында, сот ғимаратының аумағын соңғы қатты бораннан қалған мол қардан тазарту және абаттандыру шарасы шеңберінде кезекті сенбілік өткізілді.
Аудандық сотқа жүгінетін азаматтарға ыңғайлы болу үшін, судьялар мен сот қызметкерлері ғимараттың тиісті аумақтары мен ауласын көркейту мақсатында қатты бораннан жиналған қарды бірлесіп тазарту жұмыстарын өткізді.
Соңғы үш аптада, Жуалы ауданында қатты бораннан қалған мол қардың әсерінен, соттың ауласында көптеген қар жиналып қалды. Судьялар мен сот қызметкерлері сот ғимаратының ауласын жедел түрде тазарту мақсатында абаттандыру жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарып, тротуарлар мен көлік тұратын жерлер және ғимараттың алдын тазалап өз үлестерін қосты.
Сенбілік жоғарғы деңгейде өтті. Сотқа жүгінетін азаматтарға ыңғайлы болу үшін судьялар және сот қызметкрлері қарды тазалап, сот ғимаратының аумағын ретке келтірді.
Аталған қоғамдық іс шаралар ғимараттың ауласын таза күйінде ұстап тұру мақсатында аудандық сотта жиі өтіп тұрады.
Бәрінің бас қосуына себеп болған бұл сенбілік бір жағынан барлығына бас қосып бірлесе қоғамдық жерлерді жақсартуға қосқан үлесі болып отыр.
                                                                        
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі