Жуалы аудандық сотында «Дауларды шешуде баламалы тәсілдерді дамытудың тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында, «Дауларды шешуде баламалы тәсілдерді дамытудың тиімділігі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  
Аталған іс шараға, соттың төрағасы Б.Мүлкібаев және Жуалы ауданының медиаторлары С.Тоқбергенов, У.Рахметов, К.Дауренов, М.Рахметов қатысты.
Іс шара барысында, Б.Мүлкібаев медиация кабинетінің азаматтарға «Медиация туралы» Заңның нормаларын жеткізу және сотқа дейін дауды медиация арқылы шешу жұмыстарын жүргізу мақсатында ашылғандығын атап өтті.
Судья, медиацияның қолданылу саласы жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар болып табылатындығын айтты. Сонымен қатар, 28 шілде 2016 жылы, Жамбыл облыстық соты, облыстық прокуратура, Жамбыл облысы ішкі істер Департаменті мен «Құқық және медиация» орталығы арасында меморандум жасалған. Аталған меморандумға сәйкес тараптар өзара ынтымақтастық аясын кеңейтіп өзара әрекеттестік, теңдік, ашықтық және парасаттық принциптері жүзеге асырылады. Меморандумға сай медиаторлар сот, прокуратура және құқыққорғау органдарымен тығыз қарым қатынас орнатып жұмыс жасай алатынын атап өтті.
Өз сөздерінде, медиаторлар сотқа дейінгі шешілген даулар бойынша мәліметтерді апта сайын аудандық сотқа өткізіп жатқанын, медиация туралы жергілікті тұрғындардан оң баға беріліп жатқандығын атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі