Жуалы аудандық соты медиаторлармен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында, «Дауларды сотқа дейінгі реттеу бойынша медиаторлардың 2017 жылдың 1 тоқсандағы атқарған жұмысы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  
Аталған іс шараға, соттың төрағасының міндетін атқарушы А.Замбаев және Жуалы ауданының медиаторлары С.Тоқбергенов, У.Рахметов, А.Катымханов, М.Рахметов, М.Андаспаев қатысты.
Дөңгелек үстел барысында медиаторлар азаматтық даулар мен онша ауыр емес және орташа қылмыстық құқықбұзушылықтарын сотқа дейнгі реттеу бойынша 2017 жылдың 1 тоқсандағы атқарылған жұмыстар жайында баяндады.
Сонымен қатар медиаторлар өндіріс кезіндегі қылмыстық істер бойынша сотқа дейн реттеуге ниеттеніп отыр. Соған сәйкес медиаторларға тергеу органдарымен бірлесе отырып, халыққа медиациямен шешуге құқықтары бар екені туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігі айтылды.
Аталған іс шарада, қатысушылар істің өндіріс кезіндегі медиацияға қолданылуына кедергі келтіріп отырған проблемалық сұрақтарды қозғады.
Іс шара қорытындысы бойынша, медиаторлардың қылмыстық тергеу органдарымен бірлесе отырып, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі медиация институтын енгізуді дамыту туралы шешім қабылданды.
                                                                                                  
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі