«Жекеше айыптау істерін сотта қарау тәртібі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотында «Жекеше айыптау істерін сотта қарау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс шараға төраға міндетін атқарушы Б.Ә.Жармұхамбетов, судья Л.Ж.Дукенбаева, аудандық прокуратура өкілі аға прокурор М.Теміржанов, Жергілікті полиция бастығының міндетін атқарушы Ж.Ж.Беккожаев, Талас аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімпшілік практика тобының аға инспекторы полиция капитаны Р.Д.Нұрболтаев, Талас аудандық ІІБ-нің УПИ ЖПҚ учаскелік инспекторлары Ғ.Корпетаев, С.Д.Наймантай, Р.К.Кишкеев, Р.Т.Сарыбаев қатысты.
Іс шарада судья Л.Ж.Дукенбаева баяндама жасап, жекеше айыптау істерін сотта қарау тәртібіне, атап айтқанда Қылмыстық процессуалдық кодексінің 411-бабында көрсетілген жекеше айыптау істерін сот отырысында қарау тәртібіне тоқталды. Сонымен қатар  Талас аудандық ІІБ-нен түсетін құжаттардың дұрыс рәсімделмейтініне және т.б. кемшіліктерді атап өтті.
Сөз соңында судья Л.Ж.Дукенбаева қатысушылардың бір қатар сұрақтарына жауап беріп, сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі