Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражай кешенінде «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, сот  қызметкерлері,  Жамбыл облыстық тарихи өлкетану  мұражайының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысын судья Е.Тажибаев ашты. Ол баяндамасында Қазақстанда жаңғырудың үшінші кезеңі басталғанын атап өтті. Біздің мақсатымыз, бағытымыз ол – 30 елдің қатарына қосылу. Мемлекеттік тілді дамыту, ұлттық дәстүр мен құндылықтарды сақтауға  және қоғамдық сананы жаңғыртуға ұмтылу, ұлттық ерешеліктерді сақтау Елбасымыздың  мақаласында анық көрсетілген.
Соңғы сөзінде судья Е.Тажибаев Президентің мақаласы еліміз үшін  маңызды мәдени-әлеуметтік жаңалық болып табылатындығын атап өтті.
Сонымен қатар, шараға қатысушылар Жамбыл облыстық тарихи өлкетану  мұражайның экспонаттары мен құнды заттарымен танысты.
                                                               
Қайнар:  Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі