Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылан ауданаралық сотының судьясы баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылан ауданаралық сотында талап қоюшы В.-ның Жауапкер А.-ға баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.
Аталған азаматтық істі қарау барысында тараптар медиациялық келісімге келді. Оның шарттары бойынша кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін әкесімен белгілеп, талап қоюшы В. өзінің талап арызынан бас тартты.  Талап қоюшы кәмелетке толмаған баласының екінші ата-анасы яғни анасымен араласуына кедергі жасамайды.
Тараптар іс бойынша өндірісті қысқартып және медиациялық келісімді бекітуді сұрады.
Сот ұйғарымымен медиациялық келісім сотпен  бекітілді, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
                                                                    
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі