Жамбыл облысының экономикалық сотында сот актілерінің бұзылу және өзгертілу себептерін талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2016 жылдың 12 айындағы сот актілерінің бұзылу және өзгертілу себептерін талқылау бойынша, судьялар мен кеңсе меңгерушісінің қатысуымен семинар өтті.
Белгіленген тақырыпта соттың судьясы Г.Ажакаева баяндама оқып, сот төрелігін іске асыру сапасы 2015 жылдың 12 айындағы кезеңімен салыстырғанда едәуір жақсарғанын атап өтті. 2015 жылдың 12 айында азаматтық істер бойынша 20 сот актісі бұзылып, 60 шешім өзгертілсе, 2016 жылдың 12 айында 3 сот шешімі бұзылып, 8 шешім өзгертілді. Судьялар 2016 жылғы сот актілерінің бұзылу мен өзгертілуге жол берілген себептерін талқылады. 
Соттың төрағасы С.Баймаханов сотта сот актілерінің бұзылу және өзгертілу себептерін ай сайын талқылау, сонымен қатар, облыстық сотпен сот актілерінің бұзылу және өзгертілуіне жасалған қорытуларды зерделеу, судьялар қаралып жатқан істерге байыпты қарау, соттың нәтижесіне әсер етпей қоймайтынын атап көрсетті. Судьяларға азаматтық істерді қарау кезінде іс құжаттарын мұқият зерделеп, дәлелдемелерге баға беру кезінде қателіктерге жол бермеуді талап етті.
Соңында азаматтық істер бойынша сот актілерін қараған және шығарған кезде жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізілді.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі.