Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот отырыстарында бейне және дыбыс жазба жүйесін қолдану» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Семинарға кеңсе меңгерушісі Қ.Назарқұлова және сот мамандары қатысты.
Іс-шара барысында бас маман-сот отырысының хатшысы А.Ыбырайым семинарға қатысушыларға «Сот отырысының бейне және дыбыс жазбасы жүйесі» пайдаланушы нұсқаулығының және ережесінің қағидаларын  түсіндірді. Сонымен қатар А.Ыбырайым сот отырыстарын бейне және дыбыс жазбасы арқылы жүргізу Елбасы ұсынған  «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында алға қойылған негізгі міндет екендігін, бүгінде оны жүзеге асыру тәжiрибесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тұрақты бақылауында тұрғандығын, бұл жүйенің енгізілуі сот төрелігін жүзеге асыруды біраз жеңілдетіп,  іс жүргізуді автоматтандыруға және оңтайландыруға мүмкіндік туғызғандығын, сот отырысына қатысушылар мен азаматтар тарапынан сот жүйесіне деген сенімді  арттыруға ықпалын тигізетінін атап өтті.
Семинар соңында А.Ыбырайым бейне және дыбыс жазба жүйесі жұмысын көрнекі түрде көрсетті.
Семинар соңында қатысушыларға барлық қызықтырған сұрақтары бойынша толыққанды жауаптар мен түсіндірмелер берілді.
                                                                   
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі