Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот кәбинеті» электронды-ақпараттық сервисі бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот кәбинеті» электронды-ақпараттық сервисімен өзара әрекет» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Г.Есқараева мен сот мамандары қатысты.
Өзінің баяндамасында жетекші маман Г.Умирбаева, «Сот кабинеті» сервисі халыққа сот жүйесінің жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, электрондық байланыс арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған деп атап өтті.
ҚР Жоғарғы Сотымен  ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексіне, ҚР «Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың жолдауларын қарау тәртібі туралы» және «Электрондық құжат және электрондық цифрлік қолтаңба туралы» заңдарына сәйкес «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық  сервисі  жасалып, енгізілген.  «Сот кабинеті» сервисі сот өндірісінде жаңа ақпараттық электрондық технологияларды қолдану аясын  кеңейту мақсатында және арыздың электрондық түрін толтыру тәсілімен электрондық құжатты тапсыру мүмкіндігін пайдалану үшін жүзеге асырылған. «Сот кабинетін» авторландыру ЖСН немесе БСН және құпиясөз көмегімен жүзеге асырылады, деп түсіндірме берді.
«Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы тараптар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа талап арыз, арыз, шағым, жолдау, пікір, қарсы талап арыз, сонымен қатар іс бойынша ақпаратты қарауға, сот шақыртулары мен хабарламаларын жедел алуға мүмкіндіктері бар.  Сонымен бірге «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесі жүзеге асырылған, ол іс жүргізу мерзімінің сақталуын қадағалап, автоматты есеп жүргізілуін, статистикалық аналитикалық есепті  қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сот отырысына қатысушылар өзінің ісіне қатысты қажетті ақпаратты  алуға мүмкіндіктері бар, деп айтып өтті.
Іс-шара соңында семинарға  қатысушылар тақырып аясында өзара пікір алмасты.
 
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі