Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы А.Тлепов, судья Л.Ильясова, кеңсе меңгерушісі Қ.Назаркулова, Тараз инновациялық-гумманитарлық университетінің деканы Е.Ахтаев, жергілікті «77TV» телеарнасының тілшісі Р.Күзбергенов қатысты.
Іс-шара барысында судья Л.Ильясова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіріп, осы бағдарламалық құжаттың мазмұндылығы мен ауқымдылығын атап өтті. «Мемлекет саясатының арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді және әлемнің дамыған 30 елінің  қатарына кіру мақсатында, рухани байлықты көбейту қажет. Мемлекет басшысы біздің ата-бабаларымыз құрған және қорғаған тарихи мұраны, тұтастықты, бірегейлікті, мемлекетіміздің мызғымастығын сақтауға баулыды. Бүгін, әрқайсымыздан оны одан әрі дамыту үшін үлкен үлес қосуды талап етеді», деп көрсетті.
Е.Ахтаев қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрінің сақталуы туралы айтты, сонымен бірге ұлттық салт – дәстүр, тіл және музыка, әдебиет – бір сөзбен айтқанда, ұлттық рух бізбен мәңгі бірге болу керектігін атап өтті.
Іс-шара соңында А.Тлепов Президентің мақаласы еліміз үшін  маңызды мәдени-әлеуметтік жаңалық болып табылатындығын атап өтті. Қатысушылар тақырып аясында пікір алмасты.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі